«Кемінде гауһартас күттім»: Айниязовтің хит әніне сөз жазған ақын ренішін айтты

Жарияланды 18 Қараша 2026 09:31

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Ақын Мөлдір Айтбай екі жілік ет үшін хит ән жазған/ видеодан скрин

Ақын Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязов орындайтын «13-қабырғам» әнінің сөзін қалай жазғанын айтып берді.

Ақынның өзі әнші Өмірқұл Айниязовтың ерекше үніне көптен бері ән жазғысы келген.

«Маған Дәурен Сердалиевтің әнін берді. Ол кісі маған «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» сияқты өлең жазып бер деп қиын тапсырма берді. Жеңгеңе лирикалық ән арнаймын деді. Бұл әнге сөз жазу үшін көп уақыт жүріп қалдым. Қабырға деген сөз ұйқасқа сай келген соң оны қалай келістіретінімді ойладым. Осылайша, 13-қабырға Хауаға берілген, яғни әйелге арналған деп қостым. Ағам қатты таңғалмады. Кейін бейнебаянмен бірге шығарамын деді», – дейді Мөлдір Айтбай.

Ақын бұл әннің сөзі үшін Өмірқұл Айниязовтан кем дегенде гауһартас жиынтығын күткенін айтты.

«30 қыркүйектегі концертте Өмірқұл ағам жеңгеңнің сыйлығы бар деді. Мен кемінде гауһартас әшекейдің жиынтығын күттім. Алтын сақина берді. Кейін жоба біткен соң үйде ет жоқ екенін көрдім. Өмірқұл ағама хабарласып, ет сұрадым. Ол ет беріп жіберетін болып, 3300 теңгеден екенін жазып жіберіпті. Осы сөзді көтере алмадым. Баласын шақырып алып, концертте сыйлаған жүзігін әкесіне беріп жібердім. 13-қабырғаны жазып тұрып, бір қабырғаны сатып алатын болсам, онда тақпай-ақ қояйын дедім»,- дейді ақын.

Сондай-ақ оқыңыз