«Бәйтерек» холдингі Нұрлан Артықбаевқа 1 млрд доллар қарыз берді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Нұрлан Артықбаев басқаратын екі тау-кен компаниясына 1 млрд доллардан астам қаржы қарызға берді, деп жазады Bloomberg.
Холдинг басшысы Рустам Қарағойшин үкімет отырысында «Бәйтерек» тарапынан «Қазақмысқа» 326 млрд теңге (734 миллион доллар), ал «Qazaq Kalium Ltd.» компаниясына 193 млрд теңге көлемінде несие берілгенін мәлімдеді.
Бұл көрсеткіш аталмыш компанияларды мемлекеттік инвестициялық холдингтің ірі қолдауына ие болған компаниялардың алдыңғы қатары
Нұрлан Артықбаев өткен жылы «Қазақмыс» мыс өндіруші компаниясын сатып алу туралы келісімге келіп, тау-кен магнаты ретінде танылды.
Ол сондай-ақ соңғы жылдары Сатимола калий кенішін дамытып жатқан және 2035 жылға қарай 2.4 миллиард доллар инвестиция сатуды жоспарлап отырған «Qazaq Kalium» компаниясын да басқарады.
Үкімет отырысында бизнес секторға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау түрлерін баяндаған Қарағойшин еліміздегі металлургия, химия және өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ машина жасау мен агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мемлекеттік қолдаудың ең ірі алушылары қатарына кіретінін атап өтті.
Qazaq Kalium Ltd – үкіметтен қолдау алатын 17 мегажобаның бірі. Батыс Қазақстан облысында салынатын өндірістік кешен калий тұзын өндіреді.
Бұл жоба 2035 жылға дейін 3 кезеңге бөлініп орындалуы керек. 4900 жұмыс орын құрылуы тиіс. Жалпы бөлінген инвестиция – 3,25 млрд доллар.