Мемлекеттік тұрғын үй кезегінен 53 мыңға жуық қазақстандық шығарылды

Жеке меншігінде үйі бола тұра баспана кезегінде тұрған 52 535 азамат тізімнен шығарылды. Бұл шешім «Отбасы банкі» жүргізген кешенді түгендеу жұмыстарынан кейін қабылданды.
2026 жылдың 14 қыркүйегінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңа норма бойынша Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және кезекті түгендеу кезінде олардың дербес деректерін жеке келісімін алмай-ақ жинап, өңдеу құқығы берілді.
Осы заңнамалық тетікті қолдана отырып, банк кезекте тұрғандардың деректерін жаппай тексерді. Нәтижесінде атында жеке баспанасы бар, яғни заң талаптары бойынша «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесіне сай келмейтін 52 535 адам анықталып, есептен шығарылды.
Тексеріс мұнымен тоқтамайды.
«Алдағы уақытта банк заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда, ортақ бірлескен меншікте тұрғын үйі бар азаматтардың да деректерін тексеріп, оларды кезектен шығару жұмыстарын жалғастырады», – деп хабарлады банк.
Банктің мәліметінше, бұл шаралар кезектегі деректерді өзектендіруге және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының ашық әрі әділ бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Еске сал кетейік, 2026 жылғы 14 қыркүйекте тұрғын үй заңнамасына енгізілген түзетулер күшіне енді.
Жаңа ереже бойынша, азаматтың немесе оның отбасы мүшесінің жеке меншігінде баспанасы немесе жылжымайтын мүлікте 50 пайыз және одан да көп үлесі болса, ол тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне тұра алмайды7 Айта кетерлігі бұл шектеу бұрыннан кезекте тұрғандарға қатысты емес.