Қонаев мектебінде баспалдақтан құлаған оқушы қайтыс болды

Жарияланды
теңге қор аурухана
Қонаев мектебінде оқушы көз жұмды/ kursiv.media архиві

Қонаев қаласындағы мектепте үшінші қабаттағы баспалдақтан құлаған 11 жастағы оқушы екі күннен кейін ауруханада көз жұмды. Алматы облысының білім басқармасы жағдайды растады.

16 қарашада мектептегі үзіліс кезінде оқушы мектеп ғимаратының үшінші қабатындағы баспалдақпен сырғанамақ болып, екінші қабат деңгейіне құлап кеткен. Салдарынан басынан ауыр жарақат алған.

Бала аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі тәулік бойы күрескен. Оған медициналық көмек көрсетуге республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі жетекші балалар нейрохирургтері жұмылдырылған.

17 қарашада оқушыға шұғыл ота жасалған. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 18 қараша күні баланың қайтыс болғаны тіркелді.

Алматы облысының білім басқармасы марқұмның отбасына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты.

Тағы оқыңыз: Жетісуда оқушының өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ оқыңыз