«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Марапатталғандар қатарында Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтпаев және Шерхан Қалмұрза бар, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Марапаттау рәсімі Т. С. Сегізбаев атындағы футбол академиясында өтті. Құрметті атақты ойыншыларға клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов, сондай-ақ Қазақстан футболының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев табыстады.
Құрметті атаққа ие болған футболшылар:
Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабұлат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Туяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансур Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш, Рамазан Бағдат, Дастан Сәтпаев.
Марапаттау рәсімінен кейін футболшылар академияның жас тәрбиеленушілері алдында сөз сөйлеп, оларға спортта биік белестерді бағындыруды тіледі.