АҚШ соты студенттер мен журналистерге арналған визалық шектеудің күшін жойды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
АҚШ соты студенттер мен журналистерге арналған визалық шектеудің күшін жойды / Фото: shutterstock

АҚШ федералды судьясы Дональд Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттер мен журналистердің елде болу мерзімін шектейтін шешімін жойды, деп хабарлайды France 24.

Судья Деннис Сэйлор өз қаулысында бұл саясаттың «негізсіз, өкілеттікті асыра пайдалану және жалпы заңға қайшы» екенін мәлімдеді. Бұл шешім университеттер, оқытушылар және журналистердің кәсіподақтар коалициясының АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарсы түсірген шағымы негізінде қабылданды.

Судьяның айтуынша, жаңа ережелер шетелдік студенттердің докторантурада ұзақ уақыт оқуына, қос диплом алуына және академиялық мамандығын ауыстыруына кедергі келтірер еді.

Күші жойылған шектеулер не жайында

  • Студенттер: Елде ең көбі төрт жыл ғана болып, кейін визаны ұзартуға өтініш беруі тиіс еді (бұған дейін оқу мерзімі аяқталғанша қалуға рұқсат етілген).
  • Шетелдік журналистер: Елде болу мерзімі 5 жылдан 240 күнге (шамамен 8 ай) дейін қысқартылмақ болған.
  • Қытайлық журналистер: АҚШ-та тек 90 күнге дейін ғана бола алатын еді.

Қыркүйек айында күшіне енуі тиіс болған бұл ережелерді судья бұған дейін уақытша тоқтатқан. Қазір Трамп әкімшілігі жоғары тұрған сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Сондай-ақ оқыңыз