Еркебұлан Тоқтар Алматыда Магомед Зайналовпен жұдырықтасады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар 12 желтоқсанда Алматыда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы «Venom» лақап атымен танылған ресейлік файтер Магомед Зайналов болмақ.

Бұл туралы Nomad Fighting промоушені Instagram парақшасында мәлімдеді.

Жекпе-жек 12 желтоқсанда Almaty Arena спорт кешенінде IBA NOMAD турнирі аясында өтеді. Қос спортшы жартылай орта салмақта күш сынасады.

Магомед Зайналов үшін бұл IBA NOMAD промоушеніндегі алғашқы жекпе-жек болмақ.

Турнир билеттері Ticketon платформасында сатылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз