ҰҚК «Самұрық-Қазына» қорының департамент басшыларын да тергеп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Самұрық-Қазына

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуды бақылау және мониторинг департаментінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. Бұл туралы ведомство BES.media редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

Басылым ҰҚК-ге ресми сауал жолдап, оның ұсталғанын, қандай бап бойынша тергеу жүріп жатқанын және істің «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты істермен байланысы бар-жоғын сұраған.

ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда істің басқа мәліметтерін жарияламады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жауап берген комитет.

Оқиғаның мән-жайы

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын хабарлады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Кейінірек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Ал ҚТЖ екі күн өткен соң компаня басшысының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады. 

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Ол Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты. 

Айта кетейік, Елжас Отыншиевтің аталған қызметте небәрі 4 ай ғана жұмыс істеген. Ол 2026 жылдың 20 шілдесінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы болып тағайындалған еді.

Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі теракт, Қордайдағы қақтығыс: ҰҚК-нің жаңа басшысы Марат Ирменов кім

Сондай-ақ оқыңыз