Шекарада 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейп контрабандасының жолы кесілді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шекарадан темекі мен вейптерді заңсыз алып өтпек болған
Шекарадан темекі мен вейптерді заңсыз алып өтпек болған / фото: ҰҚК

Ақтөбе мен Жамбыл облыстарының шекарасында құны 510 млн теңгеден асатын ірі контрабанда тоқтатылды. Шекарашылар 593 мың қорап темекі мен 13 960 вейп өнімдерін тәркіледі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, биылғы қараша айында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті.

Сонымен қатар Жамбыл облысындағы шекара аумағында 13 960 дана вейп партиясы анықталды.

Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген тауарлардың жалпы құны 510 млн теңгеден асады. Анықталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеу реттілігіне қарай құзыретті органдарға жолданды.

Бұған дейін Алматыда жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған ер адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз