Спорт министрлігі Амангелді Сейітханға көше беру бастамасын қолдады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов көшелердің біріне белгілі комментатор Амангелді Сейітханның есімін беру туралы бастаманы қолдайтынын айтты. Министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы мәселе бойынша ұсыныс енгізуге дайын екенін жеткізді.
Мырзабосынов көше атауына қатысты ұсыныстарды ономастика комиссиясы қарайтынын атап өтті. Ол Сейітханның спорт журналисі әрі спорт жанашыры ретінде отандық спортқа қосқан үлесін жоғары бағалады.
«Өз саласында нағыз тұлға болды. Біз ұсыныс жасауға дайынбыз. Бастаманы министрлік тарапынан да, өзім министр ретінде де қолдаймын», – деді Ербол Мырзабосынов.
Бұған дейін Ербол Мырзабосынов Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың қызметінен кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.