БҰҰ соты Мьянманы рохинджа халқына жасалған геноцидке жауапты деп таныды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
БҰҰ соты Мьянманы рохинджа халқына жасалған геноцидке жауапты деп таныды / Фото: БҰҰ

БҰҰ Халықаралық соты 2017 жылы Мьянма қауіпсіздік күштерінің рохинджа халқына қарсы жасаған жаппай кісі өлтіру мен жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін мемлекет тарапынан ұйымдастырылған геноцид деп таныды

Reuters ақпаратына сүйенсек, Гамбияның шағымы бойынша жеті жылға созылған іс нәтижесінде сот Мьянма Одағы Республикасы Ракхайн штатының солтүстігінде рохинджаларға қарсы геноцид жасады деген үкім шығарды. 

Сот төрағасы Юдзи Ивасаваның айтуынша, Мьянма күштері мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтіріп, балаларға аса қатыгездік танытқан,жүздеген ауылды өртеп, босқындарға шабуыл жасаған. БҰҰ миссиясының дерегінше, сол кезде кемінде 10 мың адам қаза тауып, 700 мыңнан астам рохинджа елін тастап кетуге мәжбүр болған.

Судьялар Мьянма билігінің әрекетін қорғалатын этникалық топтың едәуір бөлігін жою ниетімен ғана түсіндіруге болады деген қорытындыға келді.

Сот шешімі мен оның салдары:

  • Өтемақы: Мьянма зардап шеккен рохинджаларға өтемақы төлеуге (көлемі кейін анықталады), олардың қауіпсіз оралуын және отбасыларымен қайта қауышуын қамтамасыз етуге міндеттелді.
  • Түпкілікті үкім: Шешім түпкілікті және шағымдануға болмайды. Алайда соттың өз шешімдерін мәжбүрлеп орындату тетіктері шектеулі. Осыған байланысты Ұлыбритания Мьянманың әскери атташесін елден шығаратынын мәлімдеп, мәселені БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шығаруға шақырды.
  • Тарихи өзгеріс: Бұл – Холокосттан бері халықаралық соттың геноцид фактісін мойындаған төртінші жағдайы (бұған дейін Руанда, Сребреница және Камбоджа оқиғалары мойындалған) және тұтас бір мемлекеттің геноцидке жауапты деп танылуының алғашқы дерегі.

Сарапшылардың пікірінше, 1948 жылғы Геноцид туралы конвенция аясында қабылданған бұл шешім өзге де халықаралық істерге, соның ішінде ОАР-дың Израильге қарсы Газа секторындағы әрекеттеріне қатысты түсірген шағымына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз