Enbek платформасының бірқатар порталы төрт күнге уақытша жұмыс істемейді
Жарияланды

Қазақстанда Enbek экожүйесіне кіретін бірқатар ақпараттық порталға қолжетімділік уақытша шектеледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, платформаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты 19 қараша сағат 22:00-ден 23 қараша сағат 08:00-ге дейін (Астана уақытымен) мына сайттар жұмыс істемейді:
- enbek.kz;
- migration.enbek.kz;
- career.enbek.kz;
- hr.enbek.kz;
- passport.enbek.kz;
- skills.enbek.kz;
- competence.enbek.kz;
- aleumet.egov.kz.
Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық портал әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.
Министрлік уақытша қолайсыздықтар үшін пайдаланушылардан кешірім сұрады.