Ақ үйдің киберқауіпсіздік жөніндегі директоры қызметінен кететінін айтты

АҚШ Ақ үйінің киберқауіпсіздік жөніндегі директоры Шон Кэрнкросс қызметінен кетеді.
Axios басылымының мәліметінше, Кэрнкросс тағы екі жыл қызметте қалғысы келмеген. Ол отставкаға кету арқылы Ақ үйге сенат қолдауына ие болу үшін уақыт беруді көздеп отыр. Себебі қаңтар айында сенаттағы билік демократтардың қолына өтеді деп күтіліп отыр.
Басылым оның қызметтен кетуін өзара келісім негізінде қабылданған шешім деп сипаттады. Әзірге Ақ үй басылымның түсініктеме беру туралы сауалына жауап бермеген.
АҚШ-та киберқауіпсіздік саласындағы кадр тұрақсыздығы елдің маңызды инфрақұрылымында техникалық ақаулар жиілеп, кибершабуыл жасау мүмкіндігі кеңейіп жатқан кезеңде болып отыр.
Бұған дейін CNN телеарнасы ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) құпия ақпарат алмасуға арналған байланыс желісі істен шыққанын хабарлаған. Ал өткен аптада АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) телекоммуникациялық жүйелері мен Microsoft сервистерінде ауқымды техникалық ақаулар тіркелген.