Anthropic акциясы алғашқы сауда күнінде 17,1% қымбаттады

Жарияланды 20 Қараша 2026 10:05

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: Realtribune

Claude чат-ботын әзірлеген Anthropic компаниясының акциясы 19 қарашада Nasdaq биржасындағы алғашқы саудасын 97,17 доллармен аяқтады. Бұл IPO бағасынан 17,1% жоғары. Сауда басталғанда компанияның нарықтық құны шамамен 2 трлн долларға жетіп, сауда аяқталғанда 1,77 трлн долларға түсті.

Акция 115 долларға дейін көтерілді

Anthropic акцияларын IPO кезінде 83 доллардан орналастырды. Nasdaq-та жасалған алғашқы мәміле 111,50 доллар шамасында болды. Көп ұзамай акция бағасы 115 долларға жетті. Бұл орналастыру бағасынан 38,6% жоғары. Алайда сауда соңына қарай акция бастапқы өсімінің бір бөлігін жоғалтты.

IPO кезінде 83 доллардан сатып алған инвестордың акциясы күн соңында 14,17 долларға қымбаттады. Ал биржада алғашқы мәміле бағасымен сатып алған инвестордың акциясы сауда жабылғанша 12,9% арзандады.

АҚШ-тың негізгі индекстері төмендеді

Anthropic IPO арқылы 107,3 млрд доллар тартты. Компанияның биржаға шыққан күні АҚШ қор нарығында жаппай құлдырау болды. S&P 500 2%, Nasdaq Composite 2,3%, Dow Jones 2,2% төмендеді. S&P 500 осымен алтыншы сауда күні қатарынан арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз