Отандық астық экспорты төрт елде артты

Жарияланды 20 Қараша 2026 09:56

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қазақстаннан Иран мен Ауғанстанға астық экспорты қарқынды өскен
Төрт елге астық экспорты артты/ Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстаннан Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға астық жеткізу көлемі өсті.

Өзбекстанға экспорт 8,8%-ға артып, 1,39 млн тоннаға жеткен. Тәжікстанға 417 мың тонна астық жөнелтілген. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.

Қытайға астық жеткізу көлемі 1,8 есе өсіп, 436 мың тоннаны құраса, Ауғанстанға экспорт 1,6 есе артып, 632 мың тоннаға жеткен.

Жалпы биыл Қазақстан астық пен ұн экспортын астық баламасында есептегенде 16 млн тоннаға жеткізген. Өткен маусымда бұл көрсеткіш 15,3 млн тонна болған.

Экспорт көлемінің өсуі жаңа маусымда да байқалады. Қыркүйектен 10 қарашаға дейін шетелге 3,28 млн тонна астық жөнелтілген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 7,4%-ға артық.

АШМ басшысы Айдарбек Сапаровтың айтуынша, министрлік дәстүрлі өткізу нарықтарындағы позицияны нығайтуға, жаңа бағыттарды игеруге және отандық шаруалардың өнімін тұрақты өткізуіне жағдай жасауға басымдық беріп отыр.

Тағы да оқыңыз: Бидай, алтын және байланыс жабдығы: Қазақстан Орталық Азияға не сатады

Сондай-ақ оқыңыз