Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман жалдамалы пәтерде тұрып жатыр

Жарияланды 20 Қараша 2026 10:08

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com, бильд-редактор: Милош Муратовский

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Оның сөзіне қарағанда, Олжас Абай балаларына пәтер алып беру туралы уәдесін әлі орындамаған.

Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасында мәлімдеді.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко Аймира Аманнан Олжас Абай балаларына пәтер алып берді ме деп сұрады.

Аймираның айтуынша, қазір балаларымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ол экс-күйеуі уәдесін қашан орындайтынын уақыт көрсететінін айтты.

«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді Аймира Аман.

Олжас Абай болса, Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші отбасымен арадағы мәселе реттелгенін және әкелік парызын өтеп жүргенін айтқан еді.

Айта кететін жайт, актер әрі продюсер Олжас Абай өмірінің қиын кезеңінде өзін құтқарып қалған адамдардың бірі де бірегейі қазіргі жары Дариға Бадықова болғанын жеткізген,

Сондай-ақ оқыңыз