Алматыда студент өзін жарақаттамақ болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Казахстан показал лучший результат в истории: 51 вуз в рейтинге Азии и три - в топ-100
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әлеуметтік желіде Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті өзін жарақаттамақ болды деген ақпарат тарады. Бұл деректі қала полициясы растады, алайда нақты қай оқу орнында болғанын жарияламады.

Полиция оқиғаның қаладағы университеттердің бірінде болғанын хабарлады.

«Осы оқиғадан кейін полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз өзіне жеңіл жарақат келтірген. Оған медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады полиция.

KursivMedia ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен оқиғаның университетте болған-болмағанына қатысты сұрақ жолдады. Алайда материал жариялағанға дейін жауап келмеді. 

Екі студенттің қазасы

Бұған дейін ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде 1-курста оқыған жігіт студенттер үйінде қайтыс болды. Қайтыс болған жігіттің туыстарының айтуынша, оқиға жатақхана ішінде түнгі 12 кезінде болған. 

«2-курста оқитын сегіз жігіт 1-курста оқитын екі баланы бөлмелеріне шақырған. Мұны бауырымның жанында болған жігіт айтып берді. «Не үшін ұрды?» деп сұрасақ, «Бізге ұнамай жүрсіңдер» деген. Жүрек тұсынан, ішінен ұрған. Жүрек тұсынан ұрған кезде бірден талып қалған. Екінші бала да таяқ жеген. Оған менің бауырымның аяғын бір сағат көтеріп тұр деп тапсырған. 

Оқиға сағат 12-де болыпты. Олар қорыққаннан бір сағат бойы жедел жәрдем шақырмаған. Сағат бір жарымда бір-ақ шақырған», – дейді марқұмның әпкесі Ұлдана.

Студенттің өлімі сағат 03:45 кезінде тіркелген. Сегіз студенттің біреуі ғана қамауға алынған. 

Оған дейін 6 қараша кешке студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды.  

Сондай-ақ оқыңыз