Таразда Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіштің қирауына байланысты іс қозғалды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: РФ елшілігі

Жамбыл облысының полициясы Таразда Кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалдың қирауына байланысты қылмыстық іс қозғады. Әзірге ескерткішті қиратқан адамдар анықталған жоқ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ескерткішті қорлау дерегі бойынша тергеу басталған. Қазір полицейлер стеланы қиратқан адамдарды іздестіріп жатыр. Кінәлілер анықталса, заң алдында жауапқа тартылады.

Еске салайық, осыған қатысты Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығы Қазақстанға нота жіберген еді. Ескерткіш Жамбыл қаласындағы эвакуациялық госпитальдарда емделіп, жарақаттан қайтыс болған жауынгерлер жерленген орынға қойылған. Белгісіз адамдар стеланы толық қиратып кеткен. 

Ресейлік дипломаттар оқиғаны жан-жақты тергеуді, ескерткішті қиратқандарды тауып, жауапқа тартуды талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз