Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды / Фото: Shutterstock

Ақмола және Павлодар облыстарында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» тасжолында қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Шектеу 20 қараша күні сағат 17.00-ден бастап күшіне енді.

Көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жолдың екі учаскесінде шектелді:

  • 16-дан 200-шақырымға дейін – Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін;
  • 200-ден 254-шақырымға дейін – Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.

Жол ауа райының нашарлауына байланысты жабылды.

Тасжолдың ашылуы шамамен 21 қараша күні сағат 9.00-ге жоспарланған.

Синоптиктер қандай ауа райын болжады?

Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 21, 22 және 23 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.

Сондай-ақ оқыңыз