Францияның экс-премьері президент сайлауына қатысады 

Жарияланды
Выборы главы Нотариальной палаты Казахстана обернулись скандалом
Фото: kursiv.media

Францияның бұрынғы премьер-министрі Доминик де Вильпен 2027 жылы өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

«Францияның қазіргі құлдырауы, жеңіліске мойынсұнуы мен қоғамды барған сайын жайлап бара жатқан үмітсіздік сезімі мені  2027 жылғы президенттік сайлауға қатысатынымды жариялауға итермеледі», – деді саясаткер Парижде өткен баспасөз мәслихатында.

Доминик де Вильпен 2005–2007 жылдары Франция үкіметін басқарған. Бұған дейін, 2002 жылдың мамырынан 2004 жылдың наурызына дейін Францияның сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Осы кезеңде ол Франция президенті Жак Ширактың АҚШ бастаған Ирактағы соғысқа қатыспау жөніндегі ұстанымын қолдады.

2004 жылдың наурызынан 2005 жылдың мамырына дейін Ішкі істер министрі қызметін атқарып, кейін премьер-министр болып тағайындалған.

Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші туры 2027 жылғы 18 сәуірге жоспарланған. Егер кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, ең көп дауыс алған екі үміткер 2 мамырда өтетін екінші турға қатысады.

Elabe зерттеу компаниясының жуырдағы сауалнамасына сәйкес, оңшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының өкілі Марин Ле Пен мен солшыл «Бағынбайтын Франция» партиясының негізін қалаушы Жан-Люк Меланшон екінші турға шығуы мүмкін кандидаттар қатарында. Сауалнама нәтижесінде олардың қолдауы басқа кандидаттардың сайлауға қатысуына байланысты тиісінше 31–33 және 17–18,5 пайыз аралығында болған.

Тағы да оқыңыз: Олимпиада чемпионы Франция президенттігіне үміткер болмақ

Сондай-ақ оқыңыз