Шайдоров 10 жыл жұмыс істеген бапкерімен қоштасқанына пікір білдірді

Жарияланды 20 Қараша 2026 17:30

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Олимпийский чемпион Михаил Шайдоров впервые прокомментировал завершение 10-летнего сотрудничества с тренером Алексеем Урмановым.
фото: Instagram

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 10 жыл бірге жұмыс істеген бапкері Алексей Урмановпен қоштасуына қатысты пікір білдірді. Спортшы бапкеріне осы уақыт ішінде көрсеткен қолдауы мен еңбегі үшін алғыс айтты.

Шайдоров Урмановпен алғаш рет 12 жасында танысқанын еске алды.

«Урмановтың арқасында спортшы ретінде ғана емес, тұлға ретінде де өстім. Бәрін бірге өткердік. Соның бәрі есімде қалады», – деп жазды мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасында.

Шайдоров дәл осы бапкердің жетекшілігімен 2025 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал 2026 жылғы ақпанда Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанды.

Спортшы алдағы уақытта да кәсіби мансабын жалғастырып, халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғауға ниетті.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, федерация Урмановпен байланысты үзбейді. Керісінше, оны жас спортшыларды дайындау жұмысына тартуға ынталы.

Сондай-ақ оқыңыз