Қазақстан ИКАО кеңесінің құрамына өте алмады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
выборы в икао
Фото: Graham Hughes via Reuters Connect, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстан Монреаль қаласында өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 43-кезектен тыс сессиясында алғаш рет ұйым кеңесінің мүшелігіне үміткер болды. Алайда қолдаудың жоғары болғанына қарамастан, Қазақстан кеңес құрамына өте алмады.

«Қазақстан алғаш рет ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсынып, дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс берген 158 мемлекеттің 78 дауысына ие болып, бесінші орынға орналасты», – деп хабарлады елдің көлік министрлігі.

Айта кетейік, 2026 жылдың 12 маусымында күшіне енуіне байланысты ИКАО Кеңесіндегі мемлекеттер саны 36-дан 40-қа дейін ұлғайды. Кеңес құрамындағы жаңа төрт орынға Эфиопия, Түркия, Оман және Индонезия сайланды.

ИКАО — Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі саналатын Халықаралық азаматтық авиация ұйымы. Ол азаматтық авиация саласындағы бірыңғай халықаралық нормалар мен стандарттарды белгілейді.

Сондай-ақ оқыңыз