Жаңа үй салғанда өрт сөндіру техникасына арнайы орын бөлу міндеттеледі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

Елде тұрғын үйлерді салу кезінде өрт сөндіру техникасына арналған арнайы алаңдарды қарастыруды көздейтін жаңа құрылыс талаптары енгізілді. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, биіктігі 10-нан 28 метрге дейінгі ғимараттарда өрт сөндіру жолының шетінен қабырғаға дейінгі қашықтық 5-8 метрді, ал биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарда 8-10 метрді құрауға тиіс. Сондай-ақ өрт сөндіру техникасын қоятын орындар бос болуы қажет.

«Төтенше жағдай кезінде дұрыс қойылмаған автокөліктер ғимаратқа кіретін жолды жауып, құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Арнайы алаңдар өрт сөндіру техникасын ғимараттың қасбетіне жақын орналастырып, жоғарғы қабатқа көтерілуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады ТЖМ.

Одан бөлек министрлік қызметкерлері қолданыстағы тұрғын үй кешендерінің пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) арасында осындай алаңдарды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз