Димаш Құдайбергенді жанкүйері ернінен сүйе жаздады (видео)

Жарияланды 22 Қараша 2026 13:00

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин / коллаж: kursiv.media

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концертінде күтпеген жағдай болды. Өнер иесіне жақындаған жанкүйер қыз оны ернінен сүймек болған. Бұл сәт концерттің үлкен экранынан көрсетілді.

Оқиға 20 қарашада Мехико қаласында өткен концерт кезінде болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жанкүйер қыздың Димашты құшақтап, оны сүймек болғанын көруге болады. Әнші жымиып, басын бұрып үлгерген.

Осы сәт сахнадағы үлкен экраннан көрсетіліп, көрермендердің назарына іліккен. Кейін видео әлеуметтік желілерде тарады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қараша айында Мексикада концерттер өткізіп, жергілікті жанкүйерлерімен кездесіп жүр. Бұған дейін, Димаш WBC бокс ұйымының белбеуін алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз