Бельгияда 23 қарашада барлық әуе рейсі тоқтатылады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Air Belgium

23 қарашада Бельгиядағы әуежайларда тұрақты рейстер тоқтатылады. Бұған үкіметтің саясатына қарсы ұйымдастырылған жалпыұлттық ереуіл себеп деп жазады Қазақпарат.

Елдегі әуе қозғалысын басқаратын Skeyes компаниясының мәліметінше, әуе диспетчерлері де ереуілге қатысады. Салдарынан жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін әуе қозғалысы шектеледі. Тек шұғыл және қауіпсіздік үшін маңызды рейстерге рұқсат беріледі.

Брюссель әуежайындағы жоспарланған 429 рейстің басым бөлігі тоқтатылған. Ал Шарлеруа әуежайы бір күнге жұмысын толық тоқтататынын мәлімдеді. Жолаушыларға рейстің мәртебесін әуе компаниясынан алдын ала нақтылау ұсынылды. Билеттерді ауыстыру немесе ақшаны қайтару мәселесін тасымалдаушылар өздері шешеді.

Ереуіл қоғамдық көлік жұмысына да әсер етпек. Де Лейн компаниясының автобустары мен трамвайларының шамамен 40%-ы жолға шықпайды. Ал пойыздар әзірге кесте бойынша қатынайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашуға не кедергі

Сондай-ақ оқыңыз