Шенеуніктер азаматтардың өтінішін басқа мекемеге қайта-қайта жібере алмайды

Енді мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішін басқа мекемелерге үш реттен артық жолдаған болса, мұның себебін жазбаша түсіндіруге міндетті. Жаңа талап 2026 жылғы 8 қарашадан бастап күшіне енді.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерінің түсіндіруінше, өтініштерді негізсіз қайта жолдаған мемлекеттік қызметкерлер үшін жауапкершілік қарастырылады.
Жаңа талап бойынша, өтініш басқа мекемеге үш реттен артық жіберілсе, мемлекеттік орган мәселені неге өзі шеше алмайтынын және оны басқа ведомствоға қандай негізде жолдағанын түсіндіруі керек. Ол үшін екі мекеменің де құзыретін растайтын заң нормаларына сілтеме жасауы қажет.
ЖИ министрлігі азаматтар жиі сұрайтын, бірақ әлі автоматтандырылмаған мемлекеттік қызметтер мәселесін де қарады. Кейбір органдар мұндай өтініштерді шешудің орнына жылдар бойы бірдей жауап беріп келген. Енді осы мәселе де назарға алынатын болады.
Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азаматтардың өтініштері не себепті көбейіп жатқанын талдап, мәселені түбегейлі шешу тапсырды. Сондай-ақ өтініштерге формалды жауап бермеу және оларды негізсіз басқа мекемелерге жолдамау міндеттелді.
Оқи отырыңыз: