Ақтауда той үстінде жаппай төбелес болды, алты адам қамалды

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен той қонақтар арасындағы жанжалмен аяқталып, арты жаппай төбелеске ұласқан.
Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.
Оқиғадан кейін түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан 31Б шағынауданындағы мейрамхана маңына көптеген патрульдік көлік келгенін көруге болады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқандар жедел анықталып, полиция басқармасына жеткізілген. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кететін жайт, Алматыдағы көңіл көтеру орындарының бірінде екі әйелдің арасындағы қызғаныштан туған жанжал жаппай төбелеске ұласты.