KASE индексіндегі компаниялар 9 айда қанша табыс тапты (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

2026 жылдың тоғыз айында Kaspi.kz тобының кірісі 410,5 млрд теңгеге өскенімен, таза пайдасы небәрі 1,1 млрд теңгеге артты. KEGOK-ың пайдасы шамамен екі есе көбейсе, «Қазақтелекомдікі» 88,7%-ға азайды. Air Astana кірісін өсіргенімен, тоғыз айды шығынмен жапты. Kursiv.Media KASE индексіндегі компаниялардың қаңтар-қыркүйек нәтижелерін 2025 жылдың осы кезеңмен салыстырды.

Табысы артқандардың саны көп

KEGOC-тың кірісі 27,6%-ға өсіп, 355,7 млрд теңгеге жетті. Таза пайдасы 45,2 млрд теңгеден 84,7 млрд теңгеге дейін, яғни 87,5%-ға артты. Компанияның операциялық пайдасы да 61,4 млрд теңгеден 109,6 млрд теңгеге дейін өсті.

2025 және 2026 · Қаңтар–қыркүйек

KASE индексіндегі компаниялар қанша пайда тапты?

Индекстегі 10 компанияның кірісі мен таза пайдасы

КомпанияКірісТаза пайда
20252026Өзгеріс20252026Өзгеріс
AIRAAir Astana тобыТүсім және өзге кірістерAIRA
1,096,80 млн $1,293,00 млн $+17,9%31,20 млн $-2,70 млн $Шығынға шықты
CCBNБанк ЦентрКредитТаза пайыздық кіріс, резервке дейінCCBN
294,72339,43+15,2%196,48161,01−18,1%
HSBKHalyk тобыHSBK · Резервке дейінгі таза пайыздық кіріс
968,271 000,43+3,3%809,94727,46−10,2%
KCELKcellKCEL
187,28205,72+9,8%14,8617,63+18,6%
KEGCКегокKEGC
278,86355,70+27,6%45,1884,69+87,5%
KMGZҚазМұнайГазKMGZ · Есеп 23–30 қарашаға жоспарланған
——————
2,899,533,309,98+14,2%790,72791,78+0,1%
KZAPҚазатомөнеркәсіпKZAP · Өндіріс пен сату дерегі жарияланды
——————
426,59444,01+4,1%153,7717,42−88,7%
254,15279,49+9,97%≈39,8651,77+29,86%

Сомалар млрд теңгемен берілді. Air Astana көрсеткіштері млн доллармен берілді. ≈ — жуық сома. Сызықша салыстырмалы көрсеткіштің қолда жоқ екенін білдіреді. Банк ЦентрКредит бойынша резервке дейінгі таза пайыздық кіріс пен банктің жеке таза пайдасы көрсетілген. Halyk тобы бойынша резервке дейінгі таза пайыздық кіріс пен шоғырландырылған таза пайда берілген.

Дереккөз · KASE индексінің құрамы және компаниялардың қаржы нәтижелері. Атауды басқанда тиісті дерек ашылады. 23 қараша 2026 жыл.

ҚазТрансОйлдың 2025 жылғы таза пайдасының салыстыру базасы 2026 жылғы хабарламадағы өсімнен есептелді. 2025 жылы жарияланған есепте 39,16 млрд теңге көрсетілген.

Kcell тоғыз айда 205,7 млрд теңге кіріс түсірді. Бұл былтырғыдан 9,8%-ға көп. Таза пайдасы 18,6%-ға өсіп, 17,6 млрд теңгеге жетті. Кірістің өсуіне телефон мен жабдық сатылымы да ықпал етті. Одан түскен түсім 28,5 млрд теңгеден 36,2 млрд теңгеге дейін көбейді.

Kaspi.kz тобының кірісі 14,2%-ға өсіп, 3,31 трлн теңгеге жетті. Таза пайдасы 791,8 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 0,1%-ға ғана көп. Осы аралықта топтың пайыздық шығыстары мен комиссиялары 647,5 млрд теңгеден 857,3 млрд теңгеге дейін өсті.

«ҚазТрансОйлдың» (KZTO) таза пайдасы кірісінен үш есе жылдам өсті. 2026 жылдың қаңтар–қыркүйегінде компанияның шоғырландырылған кірісі 9,97%-ға өсіп, 279,49 млрд

Қай компаниялардың таза пайдасы азайды

Қазақтелекомның кірісі 4,1%-ға өсіп, 444 млрд теңгеге жеткенімен, таза пайдасы 153,8 млрд теңгеден 17,4 млрд теңгеге дейін азайды. Былтырғы нәтижеге Tele2 мен Altel операторларын иеленген «Мобайл Телеком-Сервисті» сатуға байланысты тоқтатылған қызметтен түскен 106,4 млрд теңге пайда кірген. Биыл компанияның жалғасып жатқан қызметінен түскен пайда да 47,3 млрд теңгеден 17,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Air Astana тобының түсімі мен өзге кірістері 17,9%-ға өсіп, 1,29 млрд долларға жетті. Алайда бір орын-километрге шаққандағы шығын 21,3%-ға, ал осы өлшемге шаққандағы кіріс 15,9%-ға өсті. Былтыр тоғыз айда 31,2 млн доллар таза пайда тапқан топ биыл 2,7 млн доллар шығынға ұшырады.

Банк ЦентрКредиттің жеке есебінде резервке дейінгі таза пайыздық кіріс 15,2%-ға өсіп, 339,4 млрд теңгеге жеткен. Соған қарамастан банктің таза пайдасы 18,1%-ға азайып, 161 млрд теңге болды.

Halyk тобының (HSBK) резервке дейінгі таза пайыздық кірісі 3,3%-ға өсіп, 1 трлн теңгеге жетті. Алайда таза комиссиялық кіріс 12%-ға азайып, күтілетін кредиттік залал бойынша шығыс 36,6%-ға өсті. Соның аясында топтың тоғыз айлық таза пайдасы 82,5 млрд теңгеге азайып, 727,5 млрд теңгені құрады.

23 қарашада жасалған салыстыру KASE индексіндегі он компанияны қамтиды. ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп және ҚазТрансОйл бойынша тоғыз айлық кіріс пен таза пайданың расталған деректері кестеге енгізілген жоқ. Компаниялардың толық тізімі биржаның сайтында жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыз