Елена Рыбакина WTA нұсқасы бойынша «Жылдың үздік теннисшісі» атануы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
рыбакина - https://www.instagram.com/lenarybakina/
Елена Рыбакина / фото: WTA

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Анна Данилинаны 2026 жылдың үздігі атағына ұсынды, үздіктер жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады. Дауыс беру 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

WTA 2026 жылғы маусымның үздіктерін анықтайтын Fan Awards жүлдесіне дауыс беруді бастады. Жанкүйерлер биылғы маусымда ерекше көзге түскен теннисшілерді, жұптарды және есте қалған оқиғаларды таңдай алады.

Қазақстандық спортшылар екі номинацияда ұсынылған.

Елена Рыбакина «Жыл теннисшісі» (Player of the Year) аталымында бақ сынайды.

Ал Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге «Жылдың үздік жұбы» (Doubles Team of the Year) номинациясына ұсынылған.

Қазақстандық теннисшілерге қалай дауыс беруге болады?

Дауыс беру үшін WTA-ның ресми сайтына кіріп, Awards Vote бөлімін таңдау қажет. Одан кейін Google аккаунты немесе электрондық пошта арқылы WTA Unlocked платформасына тіркелу керек. Бұрын тіркелген жанкүйерлер өз аккаунтына кіре алады.

Тиісті номинациялардан Елена Рыбакинаны, сондай-ақ Анна Данилина мен Александра Крунич жұбын таңдап, дауысты растау қажет. Дауыс беру 7 желтоқсанда аяқталады.

WTA Fan Awards жанкүйерлерге теннис маусымының үздіктерін таңдауға мүмкіндік береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

Сондай-ақ оқыңыз