Хуангтың оралуы Nvidia-ның нарықтық құнын 1 трлн долларға арттырды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Хуангтың оралуы Nvidia-ның нарықтық құнын 1 трлн долларға арттырды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

23 қарашада Nasdaq биржасының негізгі сессиясында Nvidia акциялары 33,5%-ға қымбаттап, бір қағаздың құны 167,56 долларға жетті. Осылайша чип өндірушінің нарықтық капитализациясы жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 1 трлн долларға өсіп, жалпы құны 4,03 трлн долларды құрады. 

Бұған дейін компанияның негізін қалаушы Дженсен Хуангтың бас директор қызметіне қайта оралғаны туралы жазған едік.

Nvidia акцияларының арзандауына бәс тіккен («шорт» позиция ашқан) инвесторлар бір күнде 12,2 млрд доллар есептік шығынға ұшырады. ORTEX сараптамалық компаниясының дерегінше, бұл 2019 жылдан бергі ең ірі бір күндік көрсеткіш.

Хуангтың қайта оралуына қарамастан, Калифорния бас прокуроры Роб Бонтаның кеңсесі Nvidia-ға қатысты тексерудің жалғасып жатқанын растады. Ведомство компанияның озық чиптері мен құпия мәліметтері Қытайға өтіп кеткен-кетпегенін анықтауда.

«Америкалықтар мұнда не болғанын және Nvidia инвесторлар мен жұртшылықты жаңылыстырды ма, жоқ па – соны білуге құқылы», – деді бас прокурор кеңсесінің өкілі.

Дженсен Хуанг 2026 жылғы 12 қарашада некеден тыс қарым-қатынасы туралы ақпарат тарағаннан кейін Nvidia бас директоры қызметінен кетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары оның Қытайдың арнайы қызметтерімен байланысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген Элис Хуангпен қарым-қатынасы туралы жазды. Сондай-ақ кәсіпкердің Nvidia қызметкерлерінің бірімен байланысы болғаны хабарланды.

Жанжалдан кейін компанияның директорлар кеңесі тәуелсіз тергеу бастады. Алайда Элис Хуангтың Қытай барлау қызметімен байланысы дәлелденген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз