Каспий теңізінің түбімен қосымша интернет кабелі тартылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: gov.kz

Каспий теңізінің түбімен қосымша интернет кабелін тарту қажет. Бұл Қазақстан мен көрші елдер арасындағы деректер алмасудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.

«Байланыс үзілмеу үшін операторлар Каспий теңізінің түбімен резервтік желі тартуға тиіс», – деді министр.

Оның айтуынша, биыл 15 қазанда Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылған. Негізгі жұмыстар 2025 жылы басталып, екі жылға жетпей аяқталған. Енді Қазақстан мен көрші елдер деректерді Каспий арқылы қосымша бағытпен жібере алады.

Сонымен қатар Қорғас пен Ақтау арасында «Батыс – Шығыс» магистральдық байланыс желісі салынып жатыр. Қазір оның 87%-ы тартылған. Құрылысты 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Министрдің сөзінше, осы екі магистраль Қазақстан арқылы өтетін деректер трафигін арттырып, ақпарат жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропа және Азия желілерімен сенімді байланысы халықаралық компанияларды «Дата-центрлер алқабы» жобасына тартуға көмектеседі.

Тағы да оқыңыз: 300-ге жуық жерде мобильді байланыс сапасы нашар

Сондай-ақ оқыңыз