2027 жыл соңында Орталық Азиядағы ең ірі дата-орталық пайдалануға беріледі

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Akashi Data Center

2027 жылдың төртінші тоқсанында Астанадағы Akashi Data Center деректерді өңдеу орталығы пайдалануға беріледі. Ол Орталық Азиядағы ең бірінші және ең ірі дата орталығы болмақ. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында Freedom Cloud Holding директоры Аслан Жүсіпов мәлімдеді.

«Бұл өте жоғары деңгейдегі дата орталық болмақ. Орталық Азиядағы бірінші және бірегейі болмақ. Бірінші корпус 88%-ға дайын. Оны 2027 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға береді деп жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Жүсіповтың түсіндіруінше, тіпті апат болған жағдайда орталық сервистері жұмысын тоқтатпайды. Олар өңдейтін деректер де ел аумағында қалады.

«Ол жерде тек мемлекеттік сервистер мен банктер ғана емес, барлық болашақ цифрлық платформалар жұмыс істейді. Аумағындағы жеке корпуста ЖИ модельдерін үйретуге мүмкіндік бар», – деп түсіндіреді Freedom Cloud Holding өкілі.

Жоба шетелдік компаниялардың талабы мен сұраныстарына сай. Бастапқыда дата-орталықта 2000 мың жұмыс орны құрылады, кейін ол 10 мыңға дейін көбейеді.

Бұдан бөлек компания Қарағандыдағы дата-орталықты кеңейтіп, Алматыда жаңа орталық салып жатыр. Ол дата-орталық келесі жылдың үшінші тоқсанында іске қосылуы керек, қазір 82%-ға дайын. Жобаны компания Алматы қаласының цифрландыру басқармасымен бірге іске асырыпы жатыр. Оның базасында цифрлық және коммуникациялық хабты іске қоспақшы.

Бұған дейін Akashi дата орталығының құны 500 млн доллар деп бағаланған еді. Жоба Turlov Private Holding пен акционері қаражаты есебінен қаржыландырылады. 

Оқи отырыңыз: Уәде етілген AI-жобалар сол күйі салынбай қалуы мүмкін, оған не себеп?

Сондай-ақ оқыңыз