Айдын Рақымбаевқа тиесілі BI Development 30 млрд теңге дивиденд төлейді

Қазақстандағы бай кәсіпкерлердің бірі – Айдын Рақымбаевқа тиесілі BI Development компаниясы былтырғы таза пайдасынан 30 млрд теңгеге дивиденд төлемек.
AIX биржасында жарияланған құжатқа сәйкес, акционерлер бұндай шешімді 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған.
Дивиденд 2025 жылғы жылдық қаржы есебінің негізінде бөлінеді. Бұл қаржы компанияның екі иесіне былай үлестіріледі:
- BI Group Ltd. (басшысы — Айдын Рахымбаев) — 29,7 млрд теңге (99%-ы);
- «BI Capital» ЖШС (басшысы — Самал Амангелдинова) — 300 млн теңге ( 1%-ы).
BI Development – BI Group құрылыс компаниясына кіреді. Қаржы есебінде түпкі бақылаушы тарап – миллиардер Айдын Рақымбаев деп жазылған. Рақымбаев 1,1 млрд доллар дәулетімен қазақстандық байлардың арасында тоғызыншы орында тұр.
Adata сервисіндегі ақпарат бойынша, BI Group Ltd жеке компаниясының 25 құрылтайшысы бар екені жазылған. Алайда олардың үлесі қанша екені туралы нақты ақпарат жарияланбаған.