Жыл басынан бері жолаушылар тасымалынан 1,4 трлн теңге кіріс түскен

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Жыл басынан бері жолаушылар тасымалынан 1,4 трлн теңге кіріс түскен
Жыл басынан бері жолаушылар тасымалынан 1,4 трлн теңге кіріс түскен / Фото: shutterstock

Ел азаматтары ұшақ пен пойызға көбірек міне бастаған. Мұндай дерекпен Ұлттық статистика бюросы бөлісті. Мәселен 2026 жылдың он айында әуе көлігі арқылы 13,8 млн адам қатынаған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Ал пойызбен 15,7 млн жолаушы қатынаған. Барлық көлік түрі бойынша жолаушы тасымалынан түскен жалпы кіріс 1,4 трлн теңгеге жетті.

2026 жылдың он айында елдегі барлық көлік түрлері арқылы 1,6 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға артық.

Ұлттық статистика бюросының талдауына сәйкес, ел азаматтары әуе және теміржол көлігін көбірек пайдалана бастады. Ұшақпен қатынаған жолаушылар саны 5,3%-ға өсіп, 13,8 млн адамға жетті. Ал пойыз қызметін 15,7 млн жолаушы пайдаланған.

Әуе көлігімен 13,8 млн жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Жолаушылар айналымы 10,7%-ға өсіп, 28,2 млрд жолаушы-километрді құрады. Әуе тасымалынан түскен кіріс 852,1 млрд теңгеге жетті.

Ішкі су көлігімен 267,7 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8%-ға көп. Жолаушылар айналымы 10,8%-ға артып, 5,2 млн жолаушы-километрді құрады.

Теңіз және жағалау көлігімен 46,8 мың жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп.

Теміржол көлігін 15,7 млн жолаушы пайдаланды. Жолаушылар айналымы 13,3 млрд жолаушы-километрді құрады.

Жолаушылар саны бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

Жолаушылардың ең көп саны Алматы қаласында – 394,8 млн адам, Астана қаласында – 285,6 млн адам және Қарағанды облысында – 122,2 млн адам тіркелді.

Өткен жылмен салыстырғанда тасымалданған жолаушылар саны Шымкент қаласында – 27,1%-ға, Астана қаласында – 10,3%-ға, Қарағанды облысында – 9,2%-ға және Жетісу облысында 8,4%-ға айтарлықтай өсті.

Жолаушылар айналымының ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында – 24,7 млрд жолаушы-километр, Астана қаласында – 15,1 млрд және Шымкент қаласында 6,4 млрд жолаушы-километр тіркелді.

Жолаушылардан 1,4 трлн теңге кіріс түсті

Есепті кезеңде жолаушылар айналымы 80,3 млрд жолаушы-километрді құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар–қазан айларымен салыстырғанда 8,1%-ға өсті.

Жолаушыларды барлық қатынас түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кіріс 1,4 трлн теңгеге жетті.

Жолаушылар айналымы – тасымалданған барлық жолаушының жүріп өткен қашықтығының жиынтық көрсеткіші.

Сондай-ақ оқыңыз