«Киносына бармаңдар…»: Дархан Мұсаев бұрынғы әйелінің фильміне баға берді

Жарияланды 25 Қараша 2026 08:52

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықова продюсерлік еткен «Соңыра» фильмін кинотеатрдан көріп, туындыға қатысты пікірін білдірді.

Ол әлеуметтік желідегі оқырмандарының «Дарханның киносына бармаңдар, «Соңыраға» барыңдар» деген пікірлерінен кейін фильмді арнайы тамашалауға барғанын жеткізді.

Көрсетілімнен кейін пікір білдірген Дархан Мұсаев туындының өзекті тақырыбы мен кәсіби мамандардың еңбегін көрсету тәсіліне тоқталды.

Оның айтуынша, фильм төтенше жағдайлар саласында еңбек ететін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өзгелердің өмірі мен денсаулығы үшін өз басын қатерге тігетінін, сондай-ақ олардың да жеке өмірі мен отбасы барын көрсету арқылы сала мамандарының мәртебесін көтерген.

Сонымен бірге актер картинаның баяу өрбитінін атап өтіп, ықшам әрі жинақы баяндауға болатын дүниені созып жібергендей әсер қалдырғанын, динамиканың жетіспейтінін жасырмады. Фильмдегі актерлердің ойынын жоғары бағалап, актерлік құрамның өте мықты екенін айтты.

Айта кетейік, Дархан Мұсаев өзі де фильм түсірді. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан кинотеатрларынан Бадықованың бұрынғы күйеуінің «Сүйем деші» фильмі прокатқа шығады.

«Соңыра» фильмі туралы толығырақ оқи отырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз