
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы бірнеше адамның үстінен іс қозғап, соттасуға дайындық жасап жатыр.
Бұған оның атын, фотолары мен видеоларын Threads-та, Instagram-да және басқа да әлеуметтік желілерде рұқсатсыз қолданғаны түрткі болған.

«Адвокатым, эксперт, нотариус, IP-ді анықтайтын орган – бәрін тіркеп, Threads, Instagram, TikTok желілерінің барлығын фиксациялап алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комментарийлеріңді өшіріп жатырсыңдар. Ешқандай кешірім қабылдамаймын», – деді Айман Талғатқызы.
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі бірнеше фейк аккаунттардың фотасын жариялап, қатаң ескерту жасады.

«Осылар да тізімде барсыңдар. Оның үстіне, әрекеттеріңнің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін біле тұра, тоқтамадыңдар. Маған да еріншектік жат емес. Қалай өзгертсеңдер де, қайда тығылсаңдар да, енді кеш», – деп қатуланды Айман Талғатқызы.

Оның айтуынша, кімде-кім оның атын, заттарын, фотоларын, видеоларын Threads-та, Instagram-да және басқа да әлеуметтік желілерде рұқсатсыз қолданса, бірден нотариалды түрде тіркетіп, дәл осы фотодағыдай іске тіркеп отырмақ.
«TikTok-та менің атымнан фан-парақша ашып, халықтың ашу-ызасын тудыратын контент жариялап, мен болып көрініп жүрген парақша иесіне қатысты заң аясында жауапкершілік мәселесі көтеріледі. Үндемегенімді әлсіздік деп ойламаңдар. Бықсып болған шығарсыңдар!» – деді Айман Талғатқызы.