Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Атыраудағы «ЖАН и КС» мұнай компаниясына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 490 млн теңгеден астамы өндіріліп, облыс бюджетіне түсті. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде компанияның бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтағаны анықталған. Осыған байланысты кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Компания салынған айыппұлға сотта шағымданғанымен, өтініштері қанағаттандырылмады. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Қазір айыппұл мәжбүрлеп өндіріліп жатыр. Сот орындаушылары облыс бюджетіне 490 млн теңгеден астам қаражат аударған. Қалған берешекті өндіріп алу прокуратураның бақылауында.

Экологиялық айыппұлдар облыс бюджетінде қалады

Айта кетейік, енді экологиялық талаптарды бұзғаны үшін салынған айыппұлдардан түскен ақша облыстың бюджетінде қалады. Бұған дейін экологиялық айыппұлдардан түскен ақша республикалық бюджетке аударылатын.

Еске салайық, Қазақстанда мұнай өндіретін қытайлық Geo-Jade Petroleum Corporation компаниясының қызметіне қатысты ресми тергеу басталды.Реттеуші компанияны ҚХР-дың «Бағалы қағаздар туралы» заңы аясында ақпаратты жария ету ережелерін бұзды деп күдіктенеді.

Сондай-ақ оқыңыз