Елдің бірнеше өңірінде күн -5 градусқа дейін суытады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Елдің бірнеше өңірінде 5 градусқа дейін суытады
Елдің бірнеше өңірінде 5 градусқа дейін суытады / фото: Делия Айдаралиева

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күн, 26, 27 және 28 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің бірқатар өңірінде күн райы -5°С-қа дейін суытады.

Алдағы күндері ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соның әсерінен көптеген өңірде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады.

24 қарашада Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болатыны болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деген болжам бар.

Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді. 28 қарашада күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 0,-5°С, оңтүстік-батысында және шығысында 0,+5°С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +5+10°С, таулы аудандарда 0,-5°С болады.

Бұған дейін «Қазгидромет» 25 қарашаға ауа райы болжамын жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз