
Әнші Роза Әлқожа шетелден демалыстан келген соң іле-шала су жаңа Land-Cruiser-300 көлігін тізгіндеді.
«Өткенде көлігім жолда бұзылып, біраз сөзге қалып едім, Жаңартудың сәті енді түсті. Құтты болсын деп қойыңыз, жұғысты болсын сізге де», – деді ол.
Оқырмандары құтты болсын айтып жатыр. Тіпті, алғашқы көрімдік те берілген. Роза Әлқожа бұған қатты разы болды.
«Алғашқы көрімдік. Кешеден бері ешкім көрімдік берген жоқ. Күтпеген жерден таңғы несібе. Тайландта жүргенде Жеңісбек келіп құтқарып еді. Алматыдағы сенімді өкілім… Таңатпай келіп көлігіме отырдым», – деді Роза Әлқожа.
Айта кететін жайт, Land-Cruiser-300 көлігінің бағасы 57 190 000 теңгеден басталады.
Мұның алдында Роза Әлқожа жұлдыздардың бәрі бірдей бай-бақуатты емес екенін айтқан еді. Отбасылары да жұртқа үлгі бола алмайды. Оның айтуынша, өздері кредиттен кредитке батып жүр.