Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Для чего Токаев пригласил Путина в Астану: список мероприятий
фото: Ақорда

Тоқаев 25-26 қараша күндері Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады. Бұл жайлы президенттің баспасөз қызметшісі Айбек Смадияр хабарлады.

«Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.  Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады», – деп жазады ол.

Соңғы рет екі президент Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШҰҰ) мерейтойлық саммиті аясында кездескен еді.

Ал жиырма күн өткен соң телефонмен сөйлесіп, Тоқаев Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз