Алматы метросында оқ-дәрі алып жүрген жолаушы ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматы метросында оқ-дәрі алып жүрген жолаушы ұсталды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматы полициясы метрополитен бекетінде жолаушылардың бірінен 29 оғы бар оқ қорабын тапты.

Оқиға «Бауыржан Момышұлы» станциясында болған. Жолаушыны тексеру кезінде полиция қызметкерлері оның жол сөмкесінен 5,45 мм калибрлі 29 оғы бар қорапты анықтады. Оқ-дәрілер жүкті рентген-телевизиялық қондырғы арқылы тексеру барысында белгілі болған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. Ұсталған жас жігіт одан әрі мән-жайды анықтау үшін Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленген еді.

Сондай-ақ оқыңыз