Астананың кейбір аудандарында жарық, жылу және ыстық су өшіріледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астананың кейбір аудандарында жарық, жылу және ыстық су өшіріледі / Фото: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

26 қарашада Астанада жылу трассасындағы ақауды жою жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу кезінде сегіз тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылса, бірқатар көшелерде күні бойы электр қуаты уақытша өшіріледі.

Жылу мен ыстық су қай жерде болмайды?

Қалалық iKOMEK109 орталығының хабарлауынша, жылу желісіндегі ақауды жою үшін сағат 08:00-ден 16:30-ға дейін мына мекенжайларда жылу мен ыстық су беру тоқтатылады:

  • Ләйлі-Мәжнүн көшесі: № 4, 6, 8, 10 және 12-үйлер;
  • Жұбан ана көшесі: № 1, 3 және 5-үйлер.

Электр жарығы қай көшелерде өшіріледі?

Жоспарлы жұмыстарға байланысты жарық мына кесте бойынша сөндіріледі:

  • 08:30 – 12:00: Алматы 1-ші және 2-ші көшелері, Серкебаев көшесі;
  • 09:00 – 12:00: Қамысты, Шет, Жолымбет, Чехоев, Айнатас, Ойыл көшелері; Сандықтас және Аққайың тұйық көшелері; әл-Фараби көшесіндегі № 30/3, 38 және 40/2-үйлер;
  • 10:00 – 11:00: Шашу тұйық көшесі; Аманат, Алтыбақан және Манатау көшелері;
  • 13:30 – 16:30: әл-Фараби көшесіндегі № 36/2, 38/2 және 44/1-үйлер;
  • 14:00 – 15:00: Майлин (оның ішінде № 21-үй), Жұмабаев, Әбу Абдулла Рудаки, Шашу, Оқжетпес, Шубин көшелері; Күншуақ, Ойтоған және Бесшатыр тұйық көшелері.
Сондай-ақ оқыңыз