Lexus жаңа буындағы NX моделін таныстырды

Lexus жаңа буындағы NX моделін таныстырды. Бұл – «Өз артықшылығыңды аш» ұранымен жасалған жаңа кроссовер.
Toyota ақпаратына қарағанда, жаңа көлік спорттық сипатты, күнделікті жайлылықты және заманауи электрлендіру технологияларын үйлестіреді.
Компанияның сипаттауынша, жаңа буын платформасы ерекше. Көліктің жүріс сапасы мен басқару тұрақтылығын жақсартып, спорттық динамика мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Жаңартылған гибридті жүйе өнімділікті арттырып, экологиялық көрсеткіштерді жақсартады.
Сыртқы дизайны динамикалық сипатқа ие. Интерьері қарапайым әрі заманауи стильде жасалған. Жаңа Sensory Concierge жүйесі жарық пен хош иісті үйлестіріп, салонда ерекше жайлы атмосфера қалыптастырады.
Lexus NX – жаһандық бестселлер
NX 2014 жылы Lexus брендінің алғашқы шағын премиум-кроссовері ретінде таныстырылған. Қала жағдайындағы ыңғайлылығы мен тартымды дизайнының арқасында әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды.
2026 жылдың қазан айының соңына қарай модельдің 90-нан астам ел мен аймақтағы жалпы сатылымы 1,94 миллион данаға жетті.
Жаңа NX-ті әзірлеудегі басты мақсат – көлік жүргізу тәжірибесін жаңа деңгейге көтеру.
Lexus инженерлері жаңартылған гибридті жүйені, заманауи экстерьер мен интерьерді және жолаушыларға жайлылық сыйлайтын жаңа технологияларды енгізді. Кең әрі жинақы интерьер жүргізуші мен жолаушыларға тыныштық пен еркіндік сезімін ұсынады.
Шабыт шақыратын көлік
Lexus International компаниясының бас инженері Кунихико Эндоның айтуынша, жаңа NX жүргізушіні тек межелі жеріне жеткізетін көлік емес, керісінше, жаңа бағыттарды ашуға шабыттандыратын автомобиль ретінде жасалған.
«Модель спорттық басқару мүмкіндігін, электрлендіру технологияларын, икемді қуаттау мүмкіндіктерін және жеке талғамға сай жарық пен хош иісті таңдауға мүмкіндік беретін жайлы кеңістікті біріктіреді», – дейді инженер.
Жаңа NX әр жүргізушінің мүмкіндігін кеңейтіп, күнделікті өмірге жаңа әсер сыйлауға бағытталған.
Техникалық сипаттамалары
Жаңа Lexus NX моделінің ұзындығы – 4690 мм, ені – 1865 мм, биіктігі – 1660 мм, ал дөңгелек базасы – 2690 мм. Көлік 2,5 литрлік, төрт цилиндрлі қозғалтқышпен және электромеханикалық вариатормен жабдықталған. Қозғалтқыштың максималды қуаты – 189 ат күші, айналу моменті – 235 Н·м. Шина өлшемдері 235/60R18 және 235/50R20 нұсқаларында ұсынылады.
Модель үш нұсқада шығарылады: NX 450h+, NX 350h 2WD және NX 350h AWD. Олардың ішінде NX 450h+ пен NX 350h AWD толық жетекті болса, NX 350h 2WD-тің алдыңғы жетекті жүйесі бар.
Қуат көрсеткіштері бойынша NX 450h+ моделінің алдыңғы электр қозғалтқышы 205 ат күшін, артқысы 56 ат күшін береді. NX 350h 2WD нұсқасының қуаты – 162 ат күші, ал NX 350h AWD моделінде алдыңғы қозғалтқыш 162, артқы қозғалтқыш 56 ат күшін өндіреді.
Жанармай шығыны 100 км-ге шаққанда емес, өндіруші көрсеткен өлшем бойынша: NX 450h+ моделінде 1 литрге 22 км, NX 350h 2WD нұсқасында 23,4 км, NX 350h AWD нұсқасында 22,3 км жолды құрайды. Ал NX 450h+ электр қуатымен 147 шақырымға дейін жүре алады.
Көрсеткіштер WLTC өлшеу цикліне негізделген. Нақты нәтижелер пайдалану жағдайына және көлік жабдықталуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Жаңа Lexus NX 2026 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Жапониядағы ресми дилерлік орталықтарда сатыла бастамақ.
Айта кететін жайт, Lexus ұзаққа шыдайтын премиум көліктер рейтингінде бірінші орынға шықты.