Алматыдағы өрт: тоғыз адам қонақүйге орналастырылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Алматыда өрт болған үйдің маңы / фото: Kursiv.Media / Артемий Матюнин

Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрттен кейін зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Қала әкімдігі үйі өрттен зардап шеккен тоғыз адам қонақүйге орналастырылғанын мәлімдеді.

Зардап шеккендерге заңгерлік көмек көрсетіліп, жоғалған немесе бүлінген құжаттарын қалпына келтіруге жәрдем беріліп жатыр. Ал марқұмдарды жерлеу рәсімін аудан әкімдігі дін өкілдерімен бірлесіп ұйымдастыратын болды. Қазір оқиға орнында Бостандық ауданының әкімі жүр.

«Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Отбасы үшін осындай ауыр кезеңде оларға барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Жағдай тұрақты бақылауда», – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Көмек алу немесе өзге мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Орталық тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Еске салайық, 26 қарашада Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала қаза тапты. Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Бес адамның өмірін жалмаған өрт: Алматыдағы оқиға орнынан фоторепортаж

Сондай-ақ оқыңыз