Астанада Abu Dhabi Plaza-дағы мейрамханада өрт шықты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Yandex.kz

Астанадағы Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан жылдам тамақтану мейрамханасының ас үйінде өрт шықты. Қазір өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға бүгін Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде болған. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері шақырту түскеннен кейін жеті минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Мейрамхана әкімшілігі келушілерді ғимараттан эвакуациялаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ас үйдегі фритюрница майы тұтанып, автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

26 қарашада Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйде де өрт болып, бес адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала қаза тапты. Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Бес адамның өмірін жалмаған өрт: Алматыдағы оқиға орнынан фоторепортаж

Сондай-ақ оқыңыз