Мөлдір Мұқанова Мұхтар Шахановтың сөзіне ән жаздырды

Жарияланды 26 Қараша 2026 14:26

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Продюсер Мөлдір Мұқанова ақын Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» атты  танымал өлеңінің сөзіне ән жаздырғанын мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ән оның шығармашылығында үлкен жаңалық болмақ.

«Қазағымыздың мақтанышы – Мұқтар Шахановтың сөзіне жаңа ғана ән жазып келдім. Бұрынғы әндерге ұқсамайтын, салмағы бар ән. Жігерлендіретін, мотивация беретін, позитивті. Адам болып өмірге келгеннен кейін мұңаю да болады, қуану да болады. Сынақ та, сәтсіздік те болады. Сол сәтте өмір тоқтап қалды деп қабылдамай, жігерленіп, қанаттанып, лдан әрі жұмыс жасап, алға баса беру керек», – деді Мөлдір Мұқанова.

Продюсердің айтуынша, ол «басыңды тік көтер де, алға бас» деген ұранды өмірлік ұстанымы етіп алған.

«Шахановтың «Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның?» деген өлең жолдары жігер берді. Мынаны ән қылып шығару керек деп, заңды түрде рұқсатын алдым. Әкімшісіне, Мұхтар ағаның жұбайына хабарласып, әулетінен, отбасынан рұқсатымды алып, рахметімді айтып, жаңа ғана ән жазып келе жатырмын», – деді Мөлдір Мұқанова.

Ол бұл ән үлкен жаңалығымен келеді деп үміттенеді. Шығармашылығы үшін де ерекше жаңалық болады деп күтіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз