ІІМ айыппұлдан ең көп қаржыны қай өңірден жинады
Жарияланды

2026 жылғы дерек бойынша, Қазақстанда айыппұлдан түскен қаржы 2025 жылғы көрсеткіштен 7,6%-ға көп. Ең көп түсім Алматы қаласында тіркелді. Құқықтық статистикаға қарасақ, ел бойынша айыппұлдан түскен әр бес теңгенің бір теңгесі осы қалаға тиесілі.
Алматы алда, бірақ түсім азайған
Алматының үлесі республикалық көрсеткіштің 21,9%-ын құрады. Соған қарамастан, қалада айыппұлдан түскен қаржы 2025 жылғы көрсеткіштен 20,8%-ға азайды. Екінші орында Астана тұр. Оның үлесі 13% болды. Алматы, Астана және Шымкентті қосқанда, үш мегаполиске елдегі айыппұл түсімінің 42%-ы тиесілі.
Қазақстан өңірлері · 2026
Қазақстан бойынша 14 089 235
Үш мегаполис
Алматы қаласы · 3 085 679 · 22,01%
Облыстар арасында Алматы облысы бірінші
Облыстардың ішінде айыппұлдан ең көп қаржы Алматы облысында түсті. Одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары тұр. Ең аз түсім Ұлытау облысында тіркелді.