ШҚО-да жылына 150 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасының құрылысы басталды

Жарияланды 26 Қараша 2026 15:20

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Құрылыс капсуласы/ gov.kz

ШҚО-ның Ұлан ауданындағы Таврия ауылында «ALTAY QUS» ЖШС-ның жұмыртқа өндіретін құс фабрикасының құрылысы басталды. Жобаға 5,5 млрд теңге инвестиция салынады.

Кәсіпорын құрылысына капсула салу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жоба аясында жалпы қуаттылығы 480 мың құсқа арналған бес құс қорасы салынады. Кәсіпорын жылына 150 млн данаға дейін тағамдық жұмыртқа және 400 тонна құс етін өндіруге қауқарлы болады. Фабрика іске қосылғаннан кейін 150 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, мұндай инвестициялық жобалар өңірде жергілікті өндірісті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, «ALTAY QUS» құс фабрикасы Ұлан ауданының экономикалық дамуына серпін беріп, Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне үлес қосады.

«ALTAI QUS» ЖШС 2025 жылғы 27 қарашада тіркелген. Компанияның негізгі қызмет түрі – жұмыртқа өндіру. Кәсіпорын басшысы – Евгений Жайкин. «ALTAI QUS» ЖШС-нің құрылтайшысы – «FFA PARTNERS» ЖШС. Ал бұл компанияның үш иесі бар, олар: Ертай Қадыр, Гүлнара Ахметқалиева және Серікқали Қалаугали. 45 жастағы Ертай Қадыр 2018 жылы комитет төрағасы болған.

Тағы да оқыңыз: Ақтөбеде 18,8 млрд теңгеге 5 мың орындық әмбебап спорт аренасы салынады

Сондай-ақ оқыңыз