Тамара Асар сүйінші сұрады

Жарияланды 26 Қараша 2026 15:21

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/tamara_assar_official, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Тамара Асардың шаңырағында жақында той болуы мүмкін. Әнші ұлы мен оның қалыңдығының фотосын жариялады.

Тамара Асардың ұлы Қамбар сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, шаңырақ көтеруді ұйғарған.

Фотодан қалыңдықтың бір қолында үлкен гүл шоғы бар. Екінші қолының саусағында тағылған жүзік көрінеді. Тамара Асар ұлы мен болашақ келініне «Оң болсын, жарықтарым» деп бата берген.

Оқырмандары болашақ жұбайларға бақыт тілеп, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

«Қосай атамыздың ұрпағы көбейе берсін! Бастама құтты болсын! Тіл көзден аман сақтасын», – деп әншінің қуанышына ортақтасқан.

Мұның алдында әнші мерейтойына президенттен құттықтау хат алғанын жазып, мемлекет басшысына алғыс айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз