Өрт сөндіруші Бадықованың «Соңыра» фильмін қатты сынға алды

Жарияланды 26 Қараша 2026 16:34

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмін өрт сөндірушілердің бірі қатты сынға алды. Оның пікірінше, фильм шындықтан тым алшақ.

Өрт сөндірушінің айтуынша, бұл фильм қауіпі мен қатері басым мамандық иелерін ұятқа қалдырады.

«Дариға Бадықова фильмде телефонист болып ойнайма десем, өрт сөндіруші екен. Бұл енді ертегі. «Байтал шауып бәйге алмастың» кері келіп отыр. Мен қазір Дариға Бадықованың өзін де белгілеймін. Фильм түсірсеңдер, өрт сөндірушілерді ұятқа қалдырмайтын етіп түсірсеңдерші. Менің басымды алып тастайтын шығарсың. Бірақ тілімді кесе алмайсың», – деді өрт сөндіруші.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер өлім мен өмірдің арасында жүреді. Жігіттердің еңбегін еш етіп, тұзын сор қылмай дұрыс фильм түсірілуі керек. Өрт сөндірушілердің арасында төбелес болғанымен, бір-біріне деген бауырмашылық өте күшті. Ол фильмнің саудтрегіне қарап, қатты ұялған.

«Шын мәнінде даттайтын кино. Өз басым бұл салада жұмыс істедім. Өрт сөндірушілерге тамақ бермейді. Тамақты өзің үйіңнен апарасың. Отбасылық проблемасын ешкім шешіп бермейді. Киноңыз халыққа ұнаған шығар. Бірақ өрт сөндірушілерге жаман нұқсан келтіреді екен», – деп баға берді өрт сөндіруші.

Бұл пікір оқырмандар арасында дау тудырды. Бірі қолдаса, екіншісі терістеп жатыр.

«Неге тыныш жүру керек? Дұрыс! Сын айтса, түзелер. Келесі киноларын ойланып түсірер», – деп жазды бір оқырмен.

Айта кететін жайт, Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмі төрт күнде 199 млн теңге жинады.

Сондай-ақ оқыңыз